Қыркүйек 1, 2023

Almaty Finance Алмалы ауданындағы мектепті қайта жаңғыртуға қаржылай қолдау көрсетті

Almaty Finance (Алматы ӘКК еншілес ұйымы) «Lakeview School Almaty» мектебінің ғимаратын қайта жаңарту және жеке спорт залын салу бойынша әлеуметтік жобаны іске асыруға қолдау көрсетті.

Жеңілдікпен қаржыландырудың арқасында бөлінген қаражат жаңа инфрақұрылым мен мектептің жоғарғы қабатының үстеме құрылыстарын құруға бағытталды.

Жоба аясында жаңа оқу жылына қосымша 200 оқушы орны, сондай-ақ 25 жаңа жұмыс орны ашылды.

Әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік (білім беру, спорт және денсаулық сақтау) Almaty Finance қаржыландырудың басым саласы болып табылады.

Кредит беру мынадай шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыру;
  • Кредит сомасы 69 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін;
  • Несиелендіру мерзімі: инвестициялар - 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру - 3 жылға дейін;
  • Сыйақы ставкалары: жылдық 2% және 6%, шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін жылдық 2%.
crossmenu