Алматы ӘКК – мемлекет ресурстары мен бизнес арасындағы көпір. Корпорацияның басым бағыты кәсіпкерлікті дамыту және қаланың әлеуметтік-маңызды міндеттерін шешу болып табылады.
Негізгі мақсаты:
Тиімділігі жоғары экономиканы қалыптастыруға жәрдемдесу, қаланың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бизнеске қолдау көрсету, Алматыда бизнесті дамытуға арналған үлкен мүмкіндіктер алаңын құру.
Әрбір құрал туралы толығырақ ӘКК бизнес сайтынан біле аласыз
Қаржылық қолдау Almaty Finance еншілес кредиттік ұйымдары және «Almaty» микроқаржы ұйымы арқылы, сондай-ақ жобаларды Алматы ӘКК қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы көрсетіледі.