Ескі тұрғын үйді реновациялау          

Ескі тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында әкімдіктің №1/124 қаулысымен 2021 жылғы 19 ақпанда «Алматыдағы тұрғын үй қорын реновациялаудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді.

Бүгінгі таңда қалада 1930-1975 жылдары салынған пайдалану мерзімі өткен 1400-ден астам екі қабатты үйлер бар. Бұл үйлерде 60 000-нан астам қала тұрғыны тұрады. Мұндай тұрғын үйлердің жартысынан көбі Түрксіб, Бостандық және Жетісу аудандарында орналасқан.

Негізгі бағыттары:

Миссия

ӘКК және инвесторлар іске асыратын қолданыстағы реновация жобалары.

Бағыт Түрксіб, Жетісу, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарын қамтиды.

Миссия

Бюджет қаражаты есебінен қоныс аудару қорын құру, апаттық жағдайдағы, сондай-ақ санитарлық және су қорғау аймақтарындағы қызыл желілердегі үйлерді бұзу және тұрғындарын көшіру.

Бағыт Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарын қамтиды.

Миссия

Уәкілетті ұйымның жобаларын инвесторлармен бірлесіп өз қаражаты есебінен іске асыру.

Бағыт Алмалы, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарын қамтиды.

Бағдарлама аясында 708 ескі үйді (6 637 пәтер) бұзу жүзеге асырылуда, оның орнына 683 көпфункционалды тұрғын үй (34 605 пәтер) салу жоспарлануда.

Программа реновации жилищного фонда в городе Алматы на 2021-2025 годы
databasedicemapconstructionpie-chartcrossmenu