Алматы индустриалды аймағы

Ірі өндірістік және өнеркәсіптік бизнес жобаларына арналған аумақ

Ұялы телефон

+7 (727) 237-69-13

Мекенжай

мкр. Алгабас, ул. 7, 142/26

e-Mail

info@indzone.kz

Компания туралы

«Алматы» индустриалды аймағы» ЖШС – «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы. 2015 жылы Алматы қаласындағы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мен өнеркәсіптегі басым салаларды дамыту мақсатында құрылған. Ұйым өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың тұрғын аудандарынан көшіруге, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық береді.


Алматы индустриалды аймағы (АИА) Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына және Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес құрылды. Индустриалды аймақтың қызметі Кәсіпкерлік кодекспен және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасымен айқындалады.

490 га

жалпы аумағы

67 компания

AИА қатысушылары

258,4 млрд. теңге

жалпы жоспарланған жеке инвестициялар сомасы

Өнеркәсіп түрлері:

Тамақ өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп
Құрылыс өнеркәсібі
Фармацевтика өнеркәсібі
Химиялық өнеркәсіп
Машина жасау
Логистика

Индустриалды аймаққа қатысу артықшылықтары:

Инфрақұрылымы бар жер телімін алу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ақпараттық қолдауы мен жобаға қатысушыларды ілгерілетуі
Басқарушы компания тарапынан өндірістік аймақтағы құрылысқа дайындық жұмыстары алдында берілетін көмек және кеңес
Басқарушы компания тарапынан берілетін орталықтандырылған коммуналдық қызметтер
Кәсіпкерге жалға немесе сатуға берілетін өндірістік үй-жайлар, оның ішінде жұмыс істемейтін өндірістік инфрақұрылымдар
Құрылыс пен өндіріске арналған комплексті аймақтар
crossmenu