Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Бірыңғай байланыс орталығы

2810

Мекенжай

303, Байзақов көшесі

e-Mail

a.arslanbayeva@spkalmaty.kz

Сайт

spkalmaty.kz

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – қоғамдық маңызы бар жобаларды құруға бағытталған мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығы.

Алматы ӘКК негізгі міндеттері:

Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу (конкурстық құжаттама, бизнес-жоспар, келісімшарт жобасы)
Қаржылық-экономикалық модель жасау
МЖӘ шартының тараптары арасындағы келіссөздер үдерісіндегі кеңес беру қызметтері

МЖӘ қолдану салалары:

Білім беру
Денсаулық сақтау
Мәдениет және спорт
Көлік және инфрақұрылым
Энергетика және ТКШ
Ақпарат және байланыс
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
Өңдеу өнеркәсібі
Әлеуметтік қызметтер

МЖӘ түрлері:

Концессия
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу)
Лизинг
Технологияны әзірлеуге, тәжірибелік үлгіні жасауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және шағын сериялы өндіріске жасалатын шарттар
Өмірлік цикл келісімшарты
Қызмет көрсету келісімшарты
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар

МЖӘ мүмкіндіктері:

Ұзақ мерзімді бизнесті дамыту және тұрақты табыс алу
Мемлекет тарапынан шығындарды өтеу
Жер учаскелерін уақытша өтеусіз пайдалануға беру
Инженерлік және көлік коммуникацияларын қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қолдау
Мемлекеттік меншік объектілерін басқару (сенімгерлік басқару/жалға беру)

Алматыдағы МЖӘ жобалары:

Алматы қаласының аумағын көгалдандыру
Алматы қаласының жеке меншік балабақшаларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру
Алматы қаласының көше-жол желісін ағымдағы жөндеу
Алматы қаласында тротуарларды, аялдама қалталарын және алаңдарды орташа жөндеу
Алматы қаласының сыртқы жарығын жаңғырту
Алматы қаласының білім беру мекемелері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарын қайта құру, пайдалану және басқару
Алматы қаласының мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздіктің кешенді жүйесі
Алматы қаласында мектептер салу және пайдалану

crossmenu