Қыркүйек 21, 2023

Жамбыл облысынан Алматыға 1000 тонна пияз жеткізіледі

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жәрмеңкесі өтті, оған ӘКК өкілдері мен еліміздің өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері қатысты. Аталған іс-шара көкөністерді (пиязды) тікелей жеткізу бойынша келіссөздер жүргізу және маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін өнім көлемін келісімшарттау мақсатында ұйымдастырылған.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аясында қатысушылар егіс алқаптары мен көкөніс қоймаларын аралады.

Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы А.А.Абилдабековтің басшылығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Жамбыл облысына екі күндік сапарының қорытындысы бойынша Алматы ӘКК мен шаруа қожалықтары арасында бекітілген баға бойынша 1000 тонна көлемінде Алматы қаласындағы сөрелерге пиязды тікелей жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

crossmenu