Сәуір 1, 2024

Алматы ӘКК қызметкерлері БҰҰ Жаһандық шартына қатысушы компаниялар үшін оқытудан өтті

2023 жылдың соңында Алматы ӘКК БҰҰ Жаһандық шартына қосылды, бұл адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын сақтауды білдіреді.

Қабылданған міндеттемелер шеңберінде Алматы ӘКК қызметкерлері SDG Ambition Accelerator бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бұл бірегей 6 айлық білім беру курсы, оның мақсаты БҰҰ-ның Жаһандық шартына қатысушы компанияларды ынталандыру және қолдау болып табылады, амбициялы корпоративтік мақсаттарды қою және бизнесті негізгі басқаруға орнықты дамудың 17 мақсаттарын интеграциялауды жеделдету.

Бағдарлама 90-нан астам елді және 40 түрлі саладағы 1600-ден астам компанияны қамтиды.

Оқуды аяқтағаннан кейін БҰҰ-ның Қазақстандағы үйлестірушісі Микаел Фриберг, Қазақстандағы кантри менеджері Динара Сейітжапарова және Мектеп негізін қалаушы Тасмағамбетова Әсел Иманғалиқызы Алматы ӘКК қызметкерлеріне SDG Ambition Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды тапсырды.

Ағымдағы жылы Алматы ӘКК өзінің қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін көрсете отырып, корпоративтік басқару мен орнықты дамуға ерекше көңіл бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Жаһандық шарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі ерікті бастама болып табылады. Бүгінгі таңда ол әлемнің 160 елінен 20 000-нан астам қатысушыны біріктіреді.

crossmenu