Қараша 30, 2022

Алматы ӘКК мен Каспий ӘКК өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы ӘКК тәжірибе алмасу және тығыз өзара іс-қимыл жасау мақсатында Каспий ӘКК басшылық құрамымен кездесу өткізді.

Каспий ӘКК делегациясы үшін жұмыс сапары барысында Қоғамның еншілес ұйымдарына экскурсия өткізілді. Маңғыстау облысының әріптестері Almaty Finance және MFO Almaty жұмысымен танысты, сондай-ақ Алматыдағы Индустриалды аймаққа барып, қонақтарға шағын өнеркәсіптік парктер мен оның аумағында жұмыс істейтін ірі зауыттар көрсетілді.

Сонымен қатар, екі жақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудағы тығыз өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлікпен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Аталмыш меморандум ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілерді ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеу жөніндегі жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

crossmenu