Сәуір 28, 2022

Алматылық студенттер Hyundai Trans Kazakhstan зауытында тәжірибеден өтуде

Алматы Индустриялық аймағының аумағында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan машина жасау саласында жас мамандарды даярлауға көмектеседі. Енді студенттер зауытта тәжірибеден өте алады немесе экскурсияға бара алады.

Кәсіпорын "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" бағыты бойынша АҚжХКК және АКК колледждерімен, "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" бағыты бойынша ОАТЭК, "Аудармашылар тәжірибесі" бағыты бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ университеттерімен, "Робототехникалық жүйелер" бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Меморандумдар жасасты.

Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыт Алматы индустриялық аймағының 15 гектар жерінде орналасқан. Бүгінгі таңда кәсіпорында Hyundai жетекші халықаралық брендінің 7 моделі жиналады: Accent, Elantra, Sonata, Creta, Tucson, Santa Fe, Palisade.

Өткен жылы зауыт 26 мың автокөлік өндірді, ел бюджетіне 9,4 миллиард теңге салық аударылды. Ағымдағы жылы кәсіпорын толық қуаттылыққа шығып, 45 мың автокөлік шығаруға ниетті.

crossmenu