Қыркүйек 7, 2023

Алматы ӘКК Алмалы және Әуезов аудандарында "демалыс күні" жәрмеңкелерінде сауда орнын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды

Алматы ӘКК Алмалы және Әуезов аудандарында "демалыс күні" жәрмеңкелерінде сауда орнын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 қыркүйектен 4 қазанға дейін аралығында E-Cloud электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

E-Cloud-бұл ашық іріктеудің электрондық платформасы, онда кез келген тауар өндіруші Алматыдағы "демалыс күні" жәрмеңкелеріндегі сауда орындарына тең транспарентті қол жеткізе алады.

Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінің мекенжайлары:

  • Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, Масанчи қиылысында;
  • Әуезов ауданы, Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылы қиылысында.

1 сауда орнына ай сайынғы жалдау ақысы 18 650 теңгені құрайды.

Өтінім беру үшін:

  • www.e-cloud.kz сайтына тіркелу;
  • Бекітілген тізбеге сәйкес құжаттарды тіркей отырып, электрондық өтінім беру;
  • Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою.

Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 6 қабат, 613 кабинет, телефон 225-18-91 (567)

crossmenu