Сәуір 23, 2021

Алматыда Реновация бағдарламасы бойынша "ескі" орамдарды кешенді қайта құру жүргізіледі

Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде 708 ескі үйді бұзу іске асырылып, 683 тұрғын үй салу жоспарлануда

Қалада адам өмірі немесе денсаулығына қауіп төндіретін ескі құрылыстар орналасқан. Мұндай тұрғын үй қорын жаңартуы ескі үйлердің орнына жаңа функционалды және заманауи нысандарды салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте бұзылған аумақтарда тек тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсетудің жаңа объектілері де салынады, жаңа желілер салынады, саябақтар, бульварлар, скверлер, қоғамдық кеңістіктер жайластырылады.

Бұрын "2012-2015 жылдарға арналған Алматы қаласының аумағындағы ескі үйлерді бұзу Бағдарламасы" бойынша 56 ескі үй бұзылып, 63 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Бағдарламаның арқасында 579 отбасы жаңа пәтерлерге көшті.

Тұрғын үй тұрғындарының аудандық әкімдіктерге жиі жүгінулері негізінде реновация бағдарламасының негізіне ескі үйлердің тізімі қалыптастырылды.

Бағдарламаның операторы "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып табылады. Бағдарламаны іске асыру екі тетік бойынша жүзеге асырылады:

  1. Алматы ӘКК және жеке инвесторлар жүзеге асыратын жобалар 
  2. Мемлекеттік қаржыландырумен іске асырылатын жобалар

Бағдарламада Алматының әр ауданында ескі үйлерді бұзу және жаңа үйлерді салу қарастырылған. 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы мына сайтта www.spk-almaty.kz. "Бағдарламалар" бөлімінде орналастырылған 

БАҚ үшін қосымша ақпарат: Токушева Раяна (Арайлым) +7 778 905 66 59, a.tokusheva@spkalmaty.kz

crossmenu