Тамыз 20, 2020

Өзбекстандық бизнесмендермен В2В онлайн-кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

19 тамызда Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «BMB Trade Group» компаниялар тобы басшылығының «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Prime Capital Holding» тобын, «MCC Trade Company» компаниясын, «Magnum», «Small», «Metro» сауда желілерін және басқаларды ұсынатын қазақстандық бизнесмендермен В2В онлайн-кездесуі өткізілді.

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика салаларында екіжақты ынтымақтастық жасаудың басым бағыттарын, сондай-ақ «BMB Trade Group» компаниясының қазақстандық нарыққа ену мақсаттарын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсыныстар мен көзделген жоспарларды іске асыру үшін тікелей байланыс орнатуға келісті. Жемісті ынтымақтастық болады деп үміттенеміз!

crossmenu