Қыркүйек 4, 2020

Almaty Invest салалық онлайн-кездесулер топтамасын ашады

2020 жылғы 10 қыркүйекте Алматы ӘКК - Almaty Invest инвестициялық блогы коммерциялық жылжымайтын мүлік және девелопмент өкілдерімен инвестициялық мүмкіндіктерге арналған бірінші салалық онлайн-кездесу өткізеді.

Алматы ӘКК Басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков Almaty Invest-пен жұмыс жасау мүмкіндіктері, ӘКК активтерін бұдан әрі іске асыру жоспарлары және шығармашыл индустриялар мен IT жаңа стратегиялық маңызды бағыты туралы айтып береді.

Біздің серіктестеріміз «Colliers International», «Kazakhstan Networking Partners», «QazProperty» бірінші басшылары кездесу спикерлері болып табылады, мұнда коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығында жұмыстың тиімділігі мен инвестициялық тартымдылығы, пандемияның осы салаға әсері талқыланатын болады.

Кездесуге: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScaCiukF6ZRN-_hFOjfappK927WvyuoDjffu2usJylpaB2ugA/viewform?usp=sf_link сілтемесі бойынша тіркелуге болады.

 

crossmenu