Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Алматыдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы есепті тыңдап өтті. Қала әкімі Президенттің экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Есептік кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6%-ға дейін өсіп, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 20,9%-ға артты, сауда қалпына келтіріліп, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 19,5%-ға ұлғайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» таныстырылды.
Мемлекет басшысына Абай даңғылының оңтүстігіне қарай 9 қабаттан жоғары, таулы және тау бөктеріндегі жерлерде ғимараттар салуға тыйым салатын жаңа құрылыс салу ережелерінің қабылданғаны, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі жоспарлар туралы баяндалды.
Ерболат Досаев өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге, оның ішінде «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй сатып алуға, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану сапасын арттыруға, сирек кездесетін аурулар бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған қаражат бөлінгенін хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша президент Алматыны одан әрі дамыту және оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Дереккөз: Капитал