Наурыз 19, 2024

2023 жылы Алматы индустриялық аймағының компаниялары 800 млрд теңгеге жуық өнім өндірді

ӨКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде Алматының индустриялық аймағының директоры Алишер Сатыбалдиев 2023 жылы Алматының индустриялық аймағындағы компаниялар 796,6 млрд теңгеге өнім өндіріп, 9,2 млрд теңгеге салық төлегенін атап өтті.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеге үш ірі өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылып, 229 жұмыс орны ашылды:

- «Ирригатор Қазақстан» ЖШС-жоғары қысымды полиэтиленнен, сондай-ақ төмен қысымды полиэтиленнен жасалған полиэтилен құбырлары мен тамшы желілерін шығаратын зауыт;

- «БСФ» ЖШС-лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт;

- «Әлем Тынысы» ЖШС-салқындатқыш сұйықтықтарды өңдеу және өндіру зауыты.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысының қорытындысы бойынша өткен жылы индустриялық аймаққа қатысушылардың тізіліміне жалпы жеке инвестиция сомасы 305,1 млрд теңгені құрайтын және 5 933 жаңа жұмыс орнын құратын 32 жаңа компания енгізілді. Алматы индустриялық аймағына барлығы 497,85 млрд теңгеге жобалары бар, 12 398 жұмыс орнын құрып отырған 91 компания қатысып отыр.

Әлішер Сатыбалдиев ірі жобалар машина жасауға, құрылыс материалдарын өндіруге, сондай-ақ макулатураны қайта өңдеуге бағытталғанын атап өтті.

crossmenu