Желтоқсан 30, 2020

2020 жылдың қорытындылары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Алматы қ. саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлінеді – 19 атау.

Алматы ӘКК – ӘМАТ бағаларын тежеуге бағытталған қаланың азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бағдарламасының операторы.

Бағдарламаны іске асыру жеке сауда-бөлшек сауда желісі, сондай-ақ серіктестердің сауда желілері арқылы жүзеге асырылады. Қорлар тек отандық өнімдерден тұрады. Бағаларды тежеу үшін келесі механизмдер қолданылады:

ӘКК инфрақұрылымы

28 сауда павильоны мен 11 «демалыс күнгі» жәрмеңкесі арқылы азық-түлік тауарларының негізгі түрлері, оның ішінде 19 ӘМАТ сатылады.

Онда 15%-дан аспайтын шекті сауда үстемелері белгіленген. Өнім бағасы қала бойынша орташа нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен.

Тұрақтандыру қоры

ТЖ мен карантинді енгізу қажетті тауарларға сұраныстың артуына себеп болды. Алматыда қордалана бастаған негізгі өнімдердің бірі қарақұмық жармасы болды. Сондықтан халықтың сұранысын қамптамасыз ету үшін Алматы ӘКК тұрақтандыру қорынан 348,1 тонна көлемінде қарақұмық жармасының тауар басқыншылығын өткізді. Тауар сауда желілері арқылы 305 теңге/кг баға бойынша сатылды, бұл ретте сол кездегі орташа нарықтық баға 339 теңге/кг болған.

Сауда желілері, әлеуметтік павильондар мен «демалыс күнгі» жәрмеңкелері арқылы 235 тг/кг (сөреде 240 тг/кг) бағамен 1 500 тонна көлемінде құмшекер бойынша тауар басқыншылығы жүргізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылы Алматы ӘКК 2 000 тонна көлемінде құмшекер сатып алды. Осы жылы бұл көлем сатып алу бағасы бойынша 215 тг/кг (сөреде 220 тг/кг) сатылды.

2020 жылдың қорытындылары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу

Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар

Осы тетіктің шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері өнімнің шекті бағасын белгілеу түрінде ӘМАТ-ты өткізу бойынша қатаң міндеттемелерді орындайды, сонымен қатар серіктестер қарыздар бойынша бөлінген ақшаны Алматы ӘКК бюджетіне қайтарады.

Осы «айналымды» схема бойынша келесі кәсіпкерлік субъектілерімен шарттар жасалды:

  •  «Magnum Cash&Carry» ЖШС ӘМАТ-тың 10 позициясына (қарақұмық, түтік кеспе, 1-сұрыпты ұн, күріш, тауық еті, жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе, сары май)  2,112 млрд. теңге жалпы сомасына 5,9 мың тонна көлемінде;
  •  «Magnum Cash&Carry» ЖШС көкөніс өнімдеріне (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз) 1,709 млн. теңге жалпы сомасына 14 608 тонна көлемінде;
  • «Сабыржан Company» ЖШС ЖШС ӘМАТ-тың 7 позициясына (1-сұрыпты ұн, нан, қарақұмық, күріш, түтік кеспе, тауық еті, сары май) 255 млн. теңге жалпы сомасына 912 тонна көлемінде;
  • «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС қалыпты нанға 1 млрд. теңге жалпы сомасына 23,8 мың тонна көлемінде;
  •  «Asyl Meat» ЖШС сиыр етіне (жауырынтөс бөлігі) 42 млн. теңге жалпы сомасына 63,7 тонна көлемінде.

2020 жылдың қорытындылары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу

Кешенді тәсілдің арқасында 2020 жылы Алматы ӘМАТ тұтыну бағаларының төмен индекстеріне және республикадағы нан бағасының ең төмен деңгейіне жетті.

2020 жылдың қорытындылары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеу

crossmenu