Қаңтар 24, 2024

Әлеуметтік сауда павильондары: бұл не?

Әлеуметтік сауда павильондары - бұл тауарларды бөлшек саудада өткізуге арналған сауда алаңдары, оларда акцент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (бұдан әрі - ӘМАТ) төмендетілген бағамен өткізуге бағытталған.

Сауда павильондарында ӘМАТ сату ұсынылған бағаларға сәйкес, яғни орташа нарықтық бағадан 10% -15% -ға төмен жүзеге асырылады.

Ұсынылған бағаларды апта сайынғы негізде Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұсынады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімімен, ұсынылған бағалармен, сондай-ақ павильондардың мекенжайларымен біздің сайтымызда танысуға болады:

www.almatyazyk.kz

Толығырақ ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 6 қабат, 613 кабинет, телефон 225-18-91 (567)

crossmenu