Қыркүйек 20, 2023

Түрскіб ауданында ескі үйлердің тұрғындары жаңа пәтерлердің кілтін алды

56 отбасы «Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын қалпына келтіру бағдарламасы» бойынша жаңа пәтерлерге көшеді.

Ескі үйлердің тұрғындары Молдағалиев-Сауранбаев көшелерінің қиылысында салынған жаңа заманауи ғимаратта тұратын болады.

Пәтерлер жаңа иелеріне барлық қажетті коммуникацияларды жеткізе отырып, бірден таза әрлеуге берілді.

Жаңа үйлерге келесі ескі үйлердің тұрғындары көшірілді:

  • Түрксіб ауданы, Сауранбаев көшесі, 18А,20 және Молдағалиев көшесі, 24,26-үй
  • Жетісу ауданы, Кемел шағынауданы, Дулыға к-сі, 15,17-үй
  • Түрксіб ауданы, Чернышевский көшесі, 21.
crossmenu