Сәуір 17, 2024

Ақтөбе ӘКК индустриялық аймаққа және Алматы ӘКК-не барды

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Таймбетов Әуез Алматының Индустриялық аймағына барып, шағын өнеркәсіптік аймақтарды (ШӨА) дамыту бағдарламасының  іске асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында «ADS Industries» ЖШС, «Alatau Industrial Park» ЖШС, «ALAESTATE» ЖШС ШӨА өндірісіне шығу ұйымдастырылды. Ақтөбеден келген әріптестер жарнамалық өнімдерді, бөлмеаралық есіктерді, айналардан сәндік бұйымдарды, work-out мүкәммалын, спорттық көше тренажерларын және т.б. дайындау үдерісімен танысты.

Сондай-ақ, Алматы индустриялық аймағының директоры Әлішер Сатыбалдиев ШӨА бағдарламасы аясында жобаларды таныстырды. «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін бағдарламаның маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбеден келген делегация өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде шағын өнеркәсіп парктерін дамытуда әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Алматы» ӘКК-не барды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Алматының индустриялық аймағында шағын өнеркәсіптік парктердің 24 жобасы іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы сомасы - 7,95 млрд теңге, ауданы-78,4 мың шаршы метр 2 575 жұмыс орны құрылды.

crossmenu