Сәуір 16, 2024

Алматы ӘКК Шымкенттегі ерте піскен көкөністер жөнінде келісімшарт жасасу жөніндегі өңіраралық форумға қатысты

Шымкентте Qaztrade АҚ-ның ерте көкөністер жөнінде келісімшарт жасасу жөніндегі өңіраралық форум өтті, іс-шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.

Іс-шараға "QazTrade" АҚ бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров және ҚР ККМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков қатысты.

Форумға облыс әкімдіктерінің өкілдері, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және олардың серіктестері, Қазақстанның сауда желілері қатысты.

"QazTrade" және облыстар мен қалалардың ӘКК, оның ішінде Алматы ӘКК келіссөздер нәтижесінде ерте піскен импорттық көкөністерді жеткізу бойынша алдын ала шарттар жасасты.  Қол жеткізілген уағдаластықтар алдағы маусымаралық кезеңде Алматы қ. мен өңірлердің нарығын қажетті жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ерте піскен импортталған көкөністерді жеткізу әлеуметтік маңызы бар өнімдер тапшылығын алдын алуға және олардың бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Көкөніс өнімдерінің негізгі жеткізушісі үкіметаралық келісімдер шеңберінде 2023 жылы QazTrade-пен серіктестікте құрылған UZKAZTRADE бірлескен қазақстан-өзбек компаниясы болады. Экспорттық-импорттық компанияның негізгі міндеті – қазақстандық нарықты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен ірі сауда желілері арқылы көтерме бағамен көкөністер мен жемістермен қамтамасыз ету.

crossmenu