Сәуір 19, 2024

Алматы ӘКК Францияның Даму агенттігімен кездесті

Францияның даму агенттігі (AFD) Қазақстанның мемлекеттік қаржы секторымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу миссиясы аясында «Алматы» ӘКК-не барды.

Винсент Каупин, Орталық Азиядағы AFD аймақтық директоры және Катерина Петсетиди, қаржы жүйелері департаментінің жобалық тобының жетекшісі жасыл жобаларды, әйелдер кәсіпкерлігін және климаттың өзгеруіне қарсы жобаларды қаржыландыруға жергілікті институттарға AFD несие желілерін ашуға қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Агенттік  «жасыл облигацияларға»  кепілдік шығарудағы «Алматы»  ӘКК тәжірибесін оң бағалады.

Өз кезегінде «Алматы» ӘКК-де өздерінің инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік жобалары, еншілес ұйымдардың қызметі, ШОБ-ты қолдаудың жеңілдікті құралдары туралы айтылды. Корпорация ESG қағидаттарының жақтаушылары екенін және БҰҰ-ның барлық 17 тұрақты даму мақсаттарын қолдайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар AFD қазақстандық жобаларға қатысу перспективаларын зерделеу мақсатында одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

AFD-Франция үкіметінің агенттігі, әділетті және тұрақты әлем құру үшін қажетті өтпелі кезеңдерді қаржыландырады, қолдайды және жеделдетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда AFD қызметін ұйымдастыру туралы үкіметаралық келісімге Франция президенті Э.Макрон 2023 жылғы 1 қарашада Астанада қол қойған болатын. Келісім ратификацияланғаннан кейін республикада алғашқы AFD интервенциялары басталады деп күтілуде.

crossmenu