Мамыр 16, 2023

Алматы ӘКК сауда объектісін жалға беру бойынша аукцион жариялайды

Құрметті кәсіпкерлер!

Стационарлық емес сауда объектісін (қоғамдық тамақтану пункті) жалға алу құқығына 1 жыл мерзімге аукцион өткізетініміз туралы жариялаймыз.
Жалпы ауданы 27 шаршы метр болатын нысан Алматы қаласы, Алмалы ауданында, Панфилов көшесі бойында, Қазыбек би және Төле би көшелерінің аралығында орналасқан.

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізіледі, бастапқы бағасы - 200 000 теңге.

Аукционға қатысушы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • мемлекеттік тіркеудің болуы;
  • соңғы 2 жылда салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
  • тиісті саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (екі) жыл;
  • Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтану пункттері үшін өндірістік базаның (наубайхана, ас үй және т.б.) болуы.

Аукционға қатысуға кепілдік жарна 200 000 теңгені құрайды.

Өтінімдер жабылған конвертте 2023 жылғы 23 мамырға дейін жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6 қабат.
Байланыс тұлғасы - Қоғамның бас менеджері Нүсібалиев Нұрболат (+7 701 022 22 21)

Өтінім берер алдында стационарлық емес сауда объектісінің нақты орналасуымен және аукцион өткізу ережесімен егжей-тегжейлі танысуды сұраймыз.

crossmenu