Мамыр 23, 2023

Алматы ӘКК «маусымаралық» кезеңде көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін шаралар қабылдап жатыр

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде Алматы ӘКК мен Magnum супермаркеттер желісі (75 дүкен) арасында көкөніс өнімдерінің, атап айтқанда: картоп, сәбіз, пияз және қырыққабаттың бағасын тұрақтандыру бойынша Қарыз шарты жасалды.

Жалпы көлемі 19 880 тоннаны құрайтын өнімге күні бұрын келісімшарт жасалып қойды, соның ішінде:

  • Картоп – 8 800 тонна;
  • Сәбіз – 4 160 тонна;
  • Пияз – 4 680 тонна;
  • Қырыққабат – 2 240 тонна.

Бұл өнім 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін сауда желісінің барлық нүктелерінде шекті бөлшек бағамен қолжетімді болады.

Өнімді сатып алу тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жүргізілетін болады, бұл өткізу нарығын тұрақты түрде қамтамасыз етуге және егіс жұмыстарын және егін жинауды ұйымдастыру үшін өндірушілердің қаржы қаражатын қолдауға ықпал етеді.

crossmenu