Маусым 23, 2023

Алматы ӘКК Директорлар кеңесі «Алматы» ӘКК» АҚ-ның 2023-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітті.

Бағдарламада «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға» сәйкес стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен түйінді іс-шаралар айқындалған.

Ішкі процестерге, сондай-ақ сыртқы ортаға талдау жүргізілді, оның шеңберінде Қоғамның әлеуеті мен одан әрі даму перспективалары айқындалды.

ӘКК бизнеске қолдау көрсететін, Алматының басым әлеуметтік-маңызды және инвестициялық жобаларын іске асыратын қаланы дамытудың негізгі институтының рөлін анықтады.

crossmenu