Наурыз 13, 2024

Алматы ӘКК Директорлар кеңесінің мүшелері Алматының Индустриялық аймағына жұмыс сапарымен барды

«Алматы» ӘКК» АҚ тәуелсіз директорлары жұмыс сапары аясында жаңа зауыттардың құрылысымен және Алматының Индустриялық аймағы аумағындағы жұмыс істеп тұрған өндірістердің қызметімен танысты.

Сапар барысында оларға екі кәсіпорынның: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және автоқұрамдауыштар шығаратын зауыттың құрылыс процесі таныстырылды.

Сондай-ақ, олар жеңіл автокөлік шығаратын «Hyundai Trans Kazakhstan», тамшылатып суаруға арналған жабдықтар шығаратын «Ирригатор Қазақстан» және жеке гигиена құралдарын шығаратын «Telling Ondiris» сияқты ірі зауыттарға келушілер.

Бұдан басқа, тәуелсіз директорларды «ALAESTATE» шағын өнеркәсіптік паркінің қызметімен таныстырды, онда 3 компанияға («Le Porte M», «Абсолют Флор» және «Qulpinay») арналған үй-жайлар ұсынылған.

Сапар қорытындысы бойынша Алматы Индустриялық аймағының директоры Әлішер Сатыбалдиев өткен жылы жүзеге асырылған жобалар бойынша есеп беріп, 2024 жылға арналған жоспарларын таныстырды.

Тәуелсіз директорлар Алматы Индустриялық аймағының атқарған жұмыстарын атап өтіп, қойылған міндеттерді орындау жөнінде ұсыныстар енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматының Индустриалды аймағында 9,55 млрд теңгенің 10 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

crossmenu