Маусым 20, 2023

Алматы ӘКК «демалыс күні» жәрмеңкелерінде сауда орнын ұсынуға өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 20-30 маусым аралығында E-Cloud электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

E-Cloud - бұл Алматыдағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінде кез келген тауар өндіруші сауда орындарына тең транспарентті қолжетімділікке ие болатын ашық іріктеудің электронды платформасы.

Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінің мекенжайлары:

  • Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, Масанчи қиылысында;
  • Әуезов ауданы, Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылы қиылысында;
  • Бостандық ауданы, Қазақфильм шағын ауданы, Исиналиев көшесі;
  • Медеу ауданы, Жолдасбеков көшксі, Бектұров қиылысында.

1 сауда орнына ай сайынғы жалдау ақысы 18 650 теңгені құрайды.

Өтінім беру үшін:

  • www.e-cloud.kz сайтына тіркелу;
  • Бекітілген тізбеге сәйкес құжаттарды бекіте отырып, электрондық өтінім беру;
  • Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою.

Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 6 қабат, 613 кабинет, телефон 225-18-91 (567)

 

crossmenu