Алишер Сатыбалдиев 1990 жылы 19 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Maxwell School of Citizenship and Public Affairs (Executive certificateofadvancedstudy), UIB Халықаралық бизнес университетін, "Тұран" университетін және Заңтану академиясын, "Әділет" Жоғары құқық мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" КММ маманы болып бастаған.
2017-2019 жылдары Шығыс қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдары "Алматы" ӘКК " АҚ Аппарат басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 9 жылдан асады.