Наурыз 26, 2024

Алматыда шағын өнеркәсіп парктерінің құрылысы белсенді жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы индустриалды аймағының директоры Алишер Сатыбалдиев мегаполистегі өнеркәсіптік парктердің дамуы туралы айтып берді.

Шағын өнеркәсіптік парктер - бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне бір шаршы метріне 1 350 теңге тіркелген жалдау мөлшерлемесімен және үй-жайларды одан әрі сатып алу мүмкіндігімен жалға беру үшін коммуникациялары бар өндірістік үй-жайлар.

ӨКҚ спикерінің мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда инвестиция көлемі 13,2 млрд теңге және жалпы ауданы 133,2 мың ш.м. болатын, 2999 жұмыс орнын құрып отырған 29 шағын өнеркәсіптік парк жобасы іске асырылуда.

Оның ішінде 24 ШӨП жобасы Алматы индустриалды аймағының аумағында орналасқан. Инвестициялардың жалпы сомасы - 7,95 млрд теңге, ауданы - 78,4 мың ш.м., 2 575 жұмыс орны құрылды.

«Қалған 5 ШӨП Алматы қаласының аумағында орналасқан. Инвестициялардың жалпы көлемі - 1,22 млрд теңге, жалпы ауданы - 17,4 мың ш. м., 424 жұмыс орны құрылды», - деді А. Сатыбалдиев.

crossmenu