Желтоқсан 28, 2020

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру туралы хабарландыру

«Алматы» ӘКК» АҚ жалғыз акционер – Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының 24.12.2020 ж. №14-14-20/2872 өкімін орындау мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 14.11.2019 ж. №4/616 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) аясында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 жылғы №145 қаулысымен бекітілген өнімдер тізбесіне ӘМАТ-на бағаларды тұрақтандыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беруге өтінімдер қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:

1 Бірінші сұрыпты бидай ұны
2 Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыпты нан)
3 Түтік кеспе (өлшеніп салынатын)
4 Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5 Ажарланған, күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6 Картоп
7 Асханалық сәбіз
8 Басты пияз
9 Ақбас қырыққабат
10 Ақ қант – құмшекер
11 Күнбағыс майы
12 Сиір еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13 Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14 Пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама
15 Айран, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама
16 Сары май (тұздалмаған майлығы кемінде 72,5%, толықтырғыш пен өсімдік майлары қосылмаған)
17 Тауық жұмыртқасы (I санат)
18 Сүзбе: майлығы 5 – 9 %

Өтінімдер желімделген конвертте қолма-қол, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, тіркеу бөлімі («Алматы «ӘКК» АҚ хат-хабарларына арналған папка) мекенжай бойынша қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 25.12.2020 жылдан 25.01.2021 жылға дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет (үлгі қоса беріледі).

Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).

Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған қойма құрылыстары мен арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын және ӘМАТ-на бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуға тиіс;
2) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде тарату немесе банкрот болуы сатысында болмауға тиіс;
3) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауға тиіс.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттама талап етілуі мүмкін (өтініш берушінің қаржылық жағдайы, кредиттік тарихы және т. б.)

Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.

Жеңілдікті қарыз алу үшін қажетті құжаттар тізбесі 28.12.2020

Қарыз алуға өтініш (үлгі) 28.12.2020

crossmenu