Қаңтар 11, 2024

Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінде сауда орнын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінде сауда орнын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 11 қаңтардан бастап 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін «E-Cloud.kz.» электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінің өтетін орындары:

  1. Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, Масанчи көшесінің қиылысы;
  2. Әуезов ауданы, Өтеген батыр көшесі, Абай даңғылының қиылысы;
  3. Бостандық ауданы, Қазақфильм шағынауданы, Исиналиев көшесі;
  4. Медеу ауданы, Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің қиылысы

1 сауда орны үшін ай сайынғы жалдау ақысы 22 152 теңгені (айына 6 АЕК)  құрайды.

Өтініш беру үшін:

  1. «www.e-cloud.kz» сайтында тіркелу;
  2. Бекітілген тізбеге сәйкес құжаттарды тіркей отырып, электрондық өтінім беру;
  3. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба қою қажет.

Толық ақпаратты «Алматы» ӘКК» АҚ Азық-түлікпен қамтамасыз ету және сауда департаментінен мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, телефон 225-18-91 (567).

crossmenu