«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) сауда павильонын (қоғамдық тамақтану нүктесін) жалға беру бойынша аукционға қатысуға өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Аукционды ұйымдастыру және өткізу қағидалары «Алматы» ӘКК» АҚ сайтында (www.spk-almaty.kz) жарияланған. Өтінім берер алдында стационарлық емес сауда объектісінің нақты орналасқан жерімен және аукционды өткізу қағидаларымен егжей-тегжейлі танысуды сұраймыз. Егер аукцион жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, аукцион жеңімпазы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды. Аукционға қатысуға өтінімдер мөрленген конвертте 2025 жылдың 23 қаңтарынан 2025 жылдың 3 ақпанына дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінге үзіліспен қабылданады. Өтінімдерді қабылдау орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 115-ші кабинет. Байланыс тұлғасы – Қоғамның бас менеджері, Қалқаев Мұрат, телефон нөмірі+7 727 225 18 91 (ішкі 560).
Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізіледі, бастапқы бағасы 1 ай ішінде стационарлық емес сауда объектісін пайдаланғаны үшін 500 000 теңгені құрайды. Аукцион қадамы - бастапқы сомадан 10% (50 000 теңге).
Аукционға қатысушы мынадай талаптарға сай болуы керек:
- ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген; - тиісті саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл; - БКБ сәйкес екінші деңгейдегі банктерде өтінім беру күніне мерзімі өткен берешектің болмауы.
(№ 1) Стационарлық емес сауда объектісіне аукционға қатысуға кепілдік жарна - 500 000 теңгені құрайды;
Кепілдік жарнаны жөнелтуге арналған деректемелер: е/ш KZ676017131000030012, Қазақстан Халық банкі АҚ банкінде, БСК HSBKKZKX, КБе 17. БСН 100840016104. ТТК - 171.
Қағидаларға сәйкес стационарлық емес сауда объектісін жалға беру бойынша аукционға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: