Қараша 17, 2023

«Алматы» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу үшін сауда павильондарын жалға беруге өтінімдерді қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды

Құрметті кәсіпкерлер!

Сауда павильондарын жалға алу құқығына өтінімдер беру кезеңінің ашылғаны туралы хабарлаймыз. Өтініш беру www.e-cloud.kz электрондық платформасында жүзеге асырылады.

Жалпы ауданы 40,5 шаршы метр нысандар Алматы қаласында келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:

  • Қазақфильм ықшам ауданы, Исиналиев көшесі - Алматы көшесі (жалға алудың белгіленген құны ҚҚС-пен 151 300 теңге);
  • Марков көшесі-Тимирязев көшесінен жоғары (жалға алудың белгіленген құны ҚҚС-пен 160 400 теңге);
  • Абай даңғылы-Саин көшесі (жалға алудың белгіленген құны ҚҚС-пен 121 500 теңге).

Қатысушы өтінімге келесі құжаттар пакетін қоса беруі тиіс:

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

Жеке кәсіпкерлер/шаруа қожалықтары үшін: Жеке куәліктің көшірмесі, жеке кәсіпкер/шаруа қожалығы ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның көшірмесі.
Заңды тұлғалар үшін: Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі, өтінім берілген күнгі жағдай бойынша заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттері туралы анықтама/мәліметтер, атқарушы органды тағайындау туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі мен бұйрығы, заңды тұлғаның қатысушылары (құрылтайшылары) туралы мәліметтер.

  1. Өтінім беру сәтіндегі салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы, сондай-ақ соңғы 2 жылдағы салықтардың төленгені туралы мәліметтер/анықтама
  2. Әлеуетті қатысушының азық-түлік тауарларын өндірудегі қызметін растайтын шаруа қожалығының немесе шаруа қожалығымен жалдау шартының(жерлерінің, жеміс-көкөніс өнімдерін себуге арналған учаскелерінің) немесе өзге де құжаттың (жеткізу шартының) болуы
  3. Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда)

Сенімгер тұлға үшін: сенімхатты тіркеу қажет

  1. Өтінімде ұсынылған жалдау құны көрсетілуі керек, бірақ белгіленген жалдау бағасынан төмен емес.

Өтінім берер алдында сауда павильонының нақты орналасқан жерімен толық танысуды сұраймыз.

Хабарландырумен Сіз Алматы ӘКК ресми сайтында «Хабарландырулар» бөлімінде таныса аласыз.

Күндері: 20.11.2023 - 27.11.2023

crossmenu