«Almaty Renovation» ЖШС — жалғыз қатысушысы «Алматы» ӘКК» АҚ болып табылатын еншілес ұйым.
Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 1 тамыздағы №4/636 қаулысына сәйкес «Капиталдық құрылыс кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және түрлендіру нәтижесінде «Алматы қаласы әкімдігінің Капиталдық құрылыс кәсіпорны» ЖШС («КҚК») құрылды. 2025 жылғы 15 қарашада «КҚК» 2025 жылғы 3 қазандағы «Алматы» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің №7 хаттамалық шешімі негізінде заңды атауын өзгерту арқылы қайта тіркеуден өтіп, «Almaty Renovation» ЖШС болып қайта аталды.
Компанияның құрылу мақсаты – үлестік құрылыс мәселелерін шешу, адал емес құрылыс салушылар тарапынан аяқталмай қалған нысандардың құрылысын аяқтау, сондай-ақ көшіру және қаланы дамыту бағдарламаларын іске асыру.
Мүмкіндіктер
- Аяқталмай қалған үлестік құрылыс нысандарын аяқтау және оларды аяқтау кезінде тапсырыс беруші ретінде әрекет ету.
- Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік жобалар мен қалалық бағдарламаларға қатысу.
- Санитарлық-қорғау аймақтарында тұратын азаматтарды көшіруге арналған тұрғын үй салу.
- Тұрғын үй құрылысы кооперативтерін (ТҚК) құру бойынша консультациялар жүргізу және үлестік құрылыс қатысушыларын сүйемелдеу.
- Адал емес құрылыс салушылардың активтерін басқару және іске асыру.
Негізгі қызмет түрлері
- Нысандарды аяқтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және түзету.
- ТҚК мүшелеріне пәтерлерді тапсыру жөніндегі үшжақты шарттарды ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- «Almaty Renovation» ЖШС меншігіндегі пәтерлер мен өзге де жылжымайтын мүлікті сату.
- Құрылыс саласындағы қаржыландыру және инвестициялық қызмет.
- Жылжымайтын мүлікті жалға беру, қайта жалға беру және пайдалану.
«Алматы қаласында тұрғын үйді 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасы»