«Алматы қаласында цифрлық қалалық навигация объектілерін (цифрлық табло) орнату және пайдалану» (бұдан әрі – Жоба) бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруға арналған конкурс
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам).
Конкурстың мақсаты: қазіргі заманғы навигация жүйесін қалыптастыру және халықты ақпараттандыру үшін жеке инвестицияларды тарту мақсатында «Алматы қаласында цифрлық қалалық навигация объектілерін (цифрлық табло) орнату және пайдалану» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Объект) іске асыру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау. Жобаны іске асыру қала азаматтары мен қонақтарының көлік, туристік, әлеуметтік және қалалық инфрақұрылым туралы өзекті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететін инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған, бұл қалалық ортаның ыңғайлылығын, қауіпсіздігін және сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жоба объектісінің (объектілерінің) сипаттамасы: объектілер Алматы қаласының Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында 35 орынға орналастырылатын, әрқайсысының ауданы 1 м² жер учаскелерінде жеке белгіленген қалалық ақпараттық таблолар болып табылады.
Ақпараттық таблолар жыл бойы пайдалануға арналған және қаланың цифрлық инфрақұрылымына біріктірілетін болады. Конструкциялар мыналарды қарастырады:
- көлік, туристік маршруттар, қаланың әлеуметтік-мәдени объектілері мен сервистері туралы өзекті ақпаратты көрсетуге арналған цифрлық экрандар;
- климаттық факторлардан қорғалған сыртқы әсерлерге төзімді және энергияны үнемдейтін материалдарды пайдалану;
- бірыңғай цифрлық платформа (желі)арқылы нақты уақыт режимінде мазмұнды жаңарту және басқару;
- қаланың сәулеттік келбеті мен абаттандыру талаптарына сәйкестігі.
Жобаны іске асыру қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын, қауіпсіздігін және ыңғайлылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы цифрлық қалалық навигация жүйесін құруға бағытталған.
Жер учаскелері туралы ақпарат №8 қосымшада көрсетілген.
Жобада өтінім берушілер үшін мынадай нысаналы талаптар көзделген:
Инвестициялардың қажетті ең төменгі көлемі - бір объектіге 12 000 000 (он екі миллион) теңге есебінен кемінде 420 000 000 (төрт жүз жиырма миллион) теңге.
- Цифрлық таблоның сыртқы түрі мен техникалық сипаттамалары сәулет және көрнекі келбет стандарттарын қоса алғанда, бекітілген эскизге және Алматы қаласын ресімдеу жөніндегі талаптарға (дизайн-код) сәйкес келуі тиіс.
- Цифрлық таблоны монтаждау және орналастыру қауіпсіздікті, қолжетімділікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
- Инвестор цифрлық таблоны тек осы конкурстық құжаттамада көзделген мақсаттарда – қалалық цифрлық навигация және халықты ақпараттандыру, коммерциялық және әлеуметтік жарнама объектісі ретінде пайдалануға міндетті.
- Болашақ жобаның тұжырымдамасы мақсаттардың нақты сипаттамасын, цифрлық таблоның функционалдығын, пайдалану және қызмет көрсету тәртібін қамтуы керек. Әлеуетті инвестор ұсынылатын сервистердің сипаттамасын, техникалық сүйемелдеу жоспарын және күтілетін әлеуметтік әсерді (қалалық ортаның сапасын арттыру, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы) дайындауға және Қоғаммен келісуге міндетті.
- Объектіні пайдалануға беру мерзімі: келісімге қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде.
- Конкурс туралы хабарландыру:
- Қоғам spkalmaty.kz сайтында жобаны іске асыру бойынша серіктес ретінде әлеуетті инвесторды айқындау мақсатында ашық конкурс жариялайды;
- Өтінімдерді қарауды және конкурстың қорытындысын шығаруды «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ (бұдан әрі – КИБ), сонымен қатар «Алматы қаласының туризм басқармасы» КММ, ӘКК өкілдерінен келісім бойынша Қоғамның бұйрығымен құрылатын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
- Конкурсқа өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:
- Комиссияның өтінімді қарауы үшін әлеуетті инвесторға келесі ақпаратты көрсете отырып, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 617 кабинет мекенжайы бойынша конкурс шарттарына №2 қосымшаға сәйкес құжаттардың түпнұсқалары бар мөрленген пакетті ұсыну қажет: компанияның атауы, кері мекенжайы, конкурстың атауы;
- Құжаттардың электрондық көшірмесін «Алматы қаласында цифрлық қалалық навигация (цифрлық табло) объектілерін орнату және пайдалану» инвестициялық жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі конкурсқа өтінім»хатының тақырыбымен info@spkalmaty.kz-ға жолдау қажет;
- Мөрленбеген, бүлінген немесе дұрыс ресімделмеген құжаттар пакеттері (конверт) қабылданбайды. Құжаттарды қабылдау туралы белгі қабылдау парағында ресімделеді;
- Егер өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы өтініш Қоғамға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін келіп түскен жағдайда, инвестор конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
- Конкурс қорытындысын шығару:
- Берілген өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен ашады;
- Конверттерді ашқаннан кейін берілген құжаттар туралы ақпарат хаттамалық түрде толтырылады. Барлық құжаттар болған және конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурс шарттарына №1 және №2 қосымшаларға сәйкес хатшы өтінімді және құжаттар пакетін конкурстық комиссияның қарауына жібереді;
- Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған, сондай-ақ дұрыс болмаған жағдайда және өтінім біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (№1 және №2 қосымшалар) комиссия хатшысы конкурстық өтінімді одан әрі қараусыз қабылдамау туралы мәселені конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына шығарады;
- Конкурстық комиссия жіберілген өтінімдер бойынша құжаттарды қарайды, мәлімделген инвестициялар мен жоба тұжырымдамаларын салыстырады. Жеңімпазды объективті және әділ анықтау үшін әлеуетті инвесторлар болжамды инвестицияларды көрсете отырып, инвестициялық ұсыныстар береді.
- Жеңімпаз өтінімдердегі инвестициялық ұсыныстарды салыстыру арқылы анықталады.
- Инвестициялық ұсыныста ең көп соманы ұсынған, бірақ бір объектіге кемінде 12 000 000 (он екі миллион) теңге ұсынған әлеуетті инвестор-конкурстың жеңімпазы деп жарияланады.
- Инвестициялар сомасы тең болған жағдайда, жеңімпазды таңдаудың қосымша критерийі Қоғамның атына жобаны сүйемелдеу үшін мәлімделген ай сайынғы төлем, бірақ әрбір жер учаскесі үшін ҚҚС қоса алғанда, кемінде 20 000 (жиырма мың) теңге болады.
- Конкурстық комиссия жеңімпазды айқындау кезінде шешім шығару үшін қажет болуы мүмкін өзге де талаптар қоюға құқылы;
- Конкурстық комиссияның отырысын сырттай өткізуге немесе оның жекелеген мүшелерінің сырттай қатысуына шешімдерді тіркеудің тиісті құралдарын (email, ЭҚЖ, БКС және т. б.) ұйымдастыру кезінде жол беріледі;
- Комиссия инвесторларға конкурстан өткені немесе өтпегені туралы хабарлама жібереді.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап беріледі және тапсырудың соңғы күні сағат 17:00-ге дейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жалғасады.
- Өтінімдерді қарау және бағалау өтінімдерді беру мерзімі аяқталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпазды анықтау бағалау рәсімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Конкурс жеңімпазын ресми хабарландыру - конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Қоғам және/немесе Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығын хабардар ете отырып, конкурс мерзімдерін біржақты тәртіппен ұзарту немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Жобаны іске асыру механизмі:
- Қоғам жобаның үйлестірушісі болып табылатын Қоғам, УПиИ және инвестор арасында жобалық келісім жасасу, УПиИ жер учаскелерімен қатысады, инвестор объектілерді орнатуды және пайдалануды өзінің және/немесе қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырады;
- Инвестор цифрлық конструкцияларды монтаждауды, қажетті сыртқы инженерлік желілерге қосуды және іргелес аумақты абаттандыруды (қажет болған жағдайда)жүзеге асырады;
- Инвестор Қоғаммен бірлесіп сыртқы инженерлік желілерге қосылу бойынша техникалық шарттарды алуға өтінімдер береді;
- Жұмыс аяқталғаннан кейін инвестор бекітілген тұжырымдамаға сәйкес объектілерді пайдалануға енгізеді, Қоғам мен КИБ жұмыс қабілеттілігін тексеру нәтижелері бойынша объектілерді қабылдайды;
- Жобалық келісімнің қолданылу кезеңінде объектілерді пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді Инвестор қамтамасыз етеді;
- Инвестор тоқсан сайын әр объектінің негізгі қызметі бойынша есептерді ұсынуға міндеттенеді (нысаны мен кезеңділігі бөлек талқыланады);
- Инвестор ұсынылған өтінімге сәйкес Қоғамның атына Жобаны сүйемелдеу үшін, жобалық келісім жасалған сәттен бастап берілген әрбір жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемдерді төлейді;
- Жобалық келісімнің мерзімі - 10 (он) жыл;
- Инвестордың жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін Инвестордың жобалық келісімді ұзартуға басым құқығы бар.
Қоғамның байланыс деректері:
Кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 617 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, телефоны +7 (727) 225-18-91 вн.553
Қосымшалар:
Қосымшалар