9 октября, 2023

Алматыдағы «Демалыс күні» жәрмеңкесінде «Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні» акциясы өтті

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуді іске асыру аясында «Алматы қаласының ұлттық сараптама орталығы» бірлесіп Бостандық ауданындағы «Демалыс күні» жәрмеңкесінде «Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні» акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында жәрмеңкеде азық-түлік өнімдеріне экспресс сараптама жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды.

Сонымен қатар, тұтынушылармен сапалы өнім сатып алу туралы құқықтық сауаттылықты арттыру, оның ішінде дұрыс қауіпсіз тамақтану және аурудың алдын алу қағидаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандарға ең танымал және жиі сұрақтардың бірі - тауарларды қайтару ережесі, тұтынушының құқығы, көкөніс пен жемістегі нитраттардың құрамы туралы.

«Демалыс күні» жәрмеңкелері - Алматы қаласындағы жергілікті тауар өндірушілер мен фермерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын апта сайынғы уақытша сауда алаңдары.

Алматы қаласындағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінің мекенжайлары:

  • Алмалы ауданы, Гоголь көш., Масанчи көшесі қиылысында;
  • Әуезов ауданы, Өтеген батыр көш., Абай даңғылы қиылысында;
  • Бостандық ауданы, Қазақфильм шағын ауданы, Исиналиев көшесі;
  • Медеу ауданы, Жолдасбеков көш., Бектұров көшесі қиылысында.

crossmenu