«Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы БҰҰ-ның жаһандық келісімшартына (UN Global Compact) қосылды. Бұл адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарды сақтауды білдіреді.
– Бұл бастамаға қосылу «Алматы» ӘКК-ның өз қызметінде БҰҰ жаһандық келісім шартының он универсалды қағидатын дәйекті енгізуге бейім екенін растайды. Олардың ішінде адам құқықтарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және басқа да қағидаттар бар. Қатысушылардың қызметі орнықты даму саласындағы әлеуметтік мақсаттар мен мүдделерге қолжеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді қолдануға бағытталған, – деді «Алматы «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Арман Шамшин.
Өзіне қабылдаған міндеттемелер аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жыл сайын БҰҰ-ның жаһандық келісімшарты қағидаттарын сақтау саласындағы өз жұмысының нәтижелері туралы есеп беретін болады.
Ағымдағы жылы «Алматы» ӘКК қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін көрсете отырып, корпоративтік басқаруға және орнықты дамуға ерекше назар аударады. Осы ауқымды бастамаға қосылу ӘКК өзін клиенттер, инвесторлар және басқа да мүдделі тараптар үшін әлеуметтік жауапты және этикалық ұйым ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, БҰҰ-ның жаһандық келісімшарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ауқымды ерікті бастама болып табылады. Бүгінде ол әлемнің 160 елінен 20 000-нан астам қатысушыны біріктіреді.