19 июля, 2023

Үш өңірдің ӘКК тамақ өнімдеріне бірыңғай баға саясатының мүмкіндігін талқылады

Алматы ӘКК өңірлік ӘКК, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ірі сауда желілерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңеске «Алматы», «Қонаев» және «Жетісу» өңірлік ӘКК басшылары, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, отандық өндірушілер, сондай-ақ Toimart, Magnum және Small & Skif және т.б. дүкендер желісінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Алматы агломерациясын дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (күріш, сиыр еті, сүт өнімдері, 1-санатты жұмыртқа, күнбағыс майы) Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы сауда желілерінде бірыңғай тіркелген бағамен өткізу бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Бұдан басқа, Алматы ӘКК өңірлік өндірушілерге форвардтық шарттар жасасу, жеңілдікті қарыздар беру, «демалыс күні» жәрмеңкелеріне қатысу және сауда желілеріне тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыруға жәрдемдесу сияқты қолдау шараларын ұсынды.

Сондай-ақ, өңіраралық кооперация шеңберінде Алматы ӘКК Алматы қаласының нан зауыттарын нысанды нан бағасын тежеу тетіктеріне қатысуға тартуға және оны Алматы облысының аумағында сатуды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Кеңес барысында сондай-ақ Алматы облысының аумағында жеке инвестициялар есебінен 7 500 тонна өнім сақталатын заманауи көкөніс қоймасын салу жобасы таныстырылды. Бұл жоба маусымаралық кезеңде ретейлердің логистикалық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл сөрелерде бағаның төмендеуіне ықпал етеді.

crossmenu