Бағдарламада «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға» сәйкес стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен түйінді іс-шаралар айқындалған.
Ішкі процестерге, сондай-ақ сыртқы ортаға талдау жүргізілді, оның шеңберінде Қоғамның әлеуеті мен одан әрі даму перспективалары айқындалды.
ӘКК бизнеске қолдау көрсететін, Алматының басым әлеуметтік-маңызды және инвестициялық жобаларын іске асыратын қаланы дамытудың негізгі институтының рөлін анықтады.