7 ноября, 2022

Алматыда «Өнеркәсіптік ипотека» жаңа жеңілдікті несие өнімін енгізу жоспарлануда

Жеңілдікті несиені шағын өнеркәсіптік парк салғысы келетін компаниялар да, өндірістік алаңдарды сатып алғысы келетін кәсіпкерлер де пайдалана алады. Өнеркәсіптік ипотека осы парктердегі сатып алынатын алаңдарды қарызды қамтамасыз ететін кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге деген қарыздық кепіл жүктемесін айтарлықтай төмендетеді.

Ағымдағы кезеңде «Өнеркәсіптік ипотека» қызметін сату Almaty Аinance және «Almaty» микроқаржы ұйымдары арқылы болжанып отыр, олар бүгінгі таңда шағын өнеркәсіптік парктердің меншік иелері мен резиденттерін (жалға алушыларын) қаржыландырудың бірқатар құралдарын ұсынады.

Шамамен «өнеркәсіптік ипотека» 2023 жылдың қаңтар айында іске қосылады.

Қазіргі уақытта шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту Алматы индустриялық аймағы арқылы және тоқтап тұрған, тиімсіз пайдаланылатын өнеркәсіптік базалар аумағында белсенді түрде іске асырылуда. Мұндай алаңдар барлық қажетті техникалық шарттармен және коммуникациялармен қамтамасыз етілген. Шағын өнеркәсіптік паркте орналастырудың артықшылықтары арасында үй-жайды кейіннен сатып ала отырып, жеңілдікті мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді түрде жалға алу мүмкіндігі байқалады.

Бұдан басқа, 2030 жылға дейін Алматыда 100-ге жуық өндіріс орындарын құрастыра отырып, 1000-нан астам жаңа шағын өнеркәсіптік парк салу жоспарлануда. Жеке инвестициялар сомасы 300 миллиард теңгеден асады.

crossmenu