Еттің әлеуметтік маңызы бар түрлеріне сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі) және тауық еті (еті бар сан және тибия бөлігі) жатады. Еттің осы түрлерінің бағасын тұрақтандыру үшін "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Union Products" ЖШС ет өңдеу комбинатымен 250 млн.теңге сомасына жеңілдетілген қарыз беруге шарт жасасты. Аталған айналым қаражаты қайтарымды болып табылады және сатып алу және тауарды өткізу нүктелеріне жеткізу үшін пайдаланылатын болады.
Келісім аясында Алматыда 1 365 000 кг сиыр еті және 1 365 000 кг тауық еті сатылады. Бағалар 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін белгіленді:
- Сиыр еті (ЖКБ) – 2050 тг/кг
- Тауық еті (бөліктері) – 782 тг/кг
Қазіргі уақытта шарт бойынша бағалар орташа нарықтық бағадан 6-8% - ға төмен. Етті ВС санатындағы үйдің дүкендерінен және кейбір базарлардан сатып алуға болады. Сату нүктелерінің санын 130-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Ет сатылатын мекен-жайлар:
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
Токушева Раяна (Арайлым) +7 778 905 66 59, a.tokusheva@spkalmaty.kz