29 апреля, 2021

Алматыдағы реновация: "ескі" кварталдарды кешенді қайта құру қалай өтеді

2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту Бағдарламасы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тағайындалды.

Алматыдағы тозығы жеткен тұрғын үй қоры салынған жылдарын, үйлердің тозу деңгейі мен тозуын есепке ала отырып, әрбір әкімшілік аудан тұрғысынан зерделенді. Бұл қордың негізгі бөлігі өткен ғасырдың 50-ші жылдарының соңында салынған екі қабатты қаңқалы-қамысты үйлерден тұрады, олардың қызмет ету мерзімі небары 50 жылды құрайды. Қалада пайдалану мерзімі өткен 1400-ден астам екі қабатты үйлер бар. Сонымен қатар, жыл сайын бұл үйлердің ескіруі байқалады, олардың қарқыны жаңартудан асып түседі.

Алматыдағы ескі тұрғын үй қоры - реновация жүргізуді талап ететін күрделі әлеуметтік проблема. Бұл проблема кенеттен пайда болған жоқ, ол көптеген жылдарға созылды және тек ғана Алматыда өткір емес. Осындай жобалар бүкіл әлемде, Токио, Мәскеу, Стамбул, Баку, Сеул, Нью-Йорк сияқты қалаларда бар.

Жаңа бағдарламада 708 ескі үйді бұзу және 683 тұрғын үйдің құрылысы қарастырылған. Реновация бағдарламасын әзірлеуге 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту Мемлекеттік бағдарламасы және реновация бойынша жұмыс тәжірибесі негіз болды. Жаңарту бағдарламасы Алматының тұрғын үй қорын жаңартуға және қала тұрғындарының тұруы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жаңарту Бағдарламасының шешетін негізгі міндеттері:

  • Пайдалану мерзімі өткен ескірген тұрғын үйлерді жою (сейсмологиялық жағдайды ескере отырып);
  • Ескі үйлерде тұратын азаматтарды заманауи тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру;
  • Сапалы жаңа қалалық ортаны құру;
  • Абаттандыру және коммуникация мәселелерін шешу.

Бағдарламаны іске асыру екі тетік бойынша жүзеге асырылады:

  1. Алматы қаласының ӘКК-мен бірлесіп жеке қаржыландыру есебінен іске асырылатын жобалар, онда 458 ескі үйді бұзу көзделген.

Реновация бағдарламасы бойынша инвестормен іске асырылып жатқан жобалардың бірі Түрксіб ауданында көппәтерлі тұрғын үйлер салу болып табылады:

Тозған ("ескі") үй

Жаңа үй

Жоба аясында қосымша 4 ескі үйді бұзып, Молдағалиев, Чернышевский, Толстой, Сауранбаев көшелерінің бойында 17 үй салу жоспарлануда.

Мемлекеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын жобалар, онда 250 үйді бұзу жоспарланған.

Бұл үйлер санитарлық және су қорғау аймақтарындағы қызыл сызықтарда орналасқан. Осы тетікті іске асыру үшін Бағдарламада 50 млрд.теңге мөлшерінде (5 жыл ішінде жыл сайын 10 млрд. теңгеден) бюджеттік қаржыландыру айқындалған. Бұл ретте бұзылған 32 үйдің жер учаскелері мектепке дейінгі білім беру мекемелерін, гүлбақтарды, аллеяларды, қоғамдық кеңістікті салу үшін қалаға берілетін болады.

Тұрғындарды көшіру туралы

Тұрғын үйдің меншік иесіне жаңа үй пайдалануға берілген сәтке дейін тегін уақытша тұрғын үйге (коммуналдық қызметтерді қоспағанда) кепілдік беріледі немесе инвесторда немесе Алматы ӘКК-де бар болған жағдайда еркін тұрғын үй қорынан пәтер беріледі. Жаңа үйлер салынғаннан кейін, тұрғындардың санына қарамастан, пәтерлердің техникалық паспорттарына сәйкес "бөлме үшін бөлме" қағидаты бойынша меншік иелері бірдей жаңа пәтерлерге көшеді. Бұл жағдайда меншік иесі пәтердің шаршы метрін қосымша ақыға көбейте алады.

crossmenu