6 октября, 2023

Almaty Finance студенттер жатақханасының құрылысына қаржылай қолдау көрсетті

Almaty Finance ЖШС (Алматы ӘКК еншілес ұйымы) Алмалы ауданында, Радостовец көшесі, 74 мекенжайы бойынша орналасқан студенттер жатақханасын салу және жабдықтау жөніндегі әлеуметтік жобаны қаржыландырды.

Жеңілдікті қаржыландыру шеңберінде бөлінген қаражат студенттерге 375 төсек-орындық жатақханаға арналған ғимаратты қайта жаңартуға және қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталды.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру 11 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік - «Almaty Business - 2025» бағдарламасы аясындағы басым салалардың бірі.

Кредит беру шарттары:

  • Инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыру;
  • Кредит сомасы 69 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін;
  • Несиелендіру мерзімі: инвестициялар - 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру - 3 жылға дейін;
  • Сыйақы ставкалары: жылдық 2% және 6%, шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін жылдық 2%.

Радостовец көшесі, 74

crossmenu