29 августа, 2024

«Almaty Business – 2025»: 36,3 млрд. теңге сомасына 656 жоба "Алматы" ӘКК еншілес компаниялары арқылы қаржыландырылды

2019 жылдың соңында Алматыда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қала мәслихатымен "Almaty Business-2025" Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – бизнесті қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін "Алматы" ӘКК компаниялар тобына кірген "Almaty Finance" ЖШС және оның еншілес компаниясы "Almaty" МҚҰ құрылды.

Бағдарлама шеңберінде Алматы қаласы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікпен несие беру жүзеге асырылады.

Мәселен, "Almaty Finance" және "Almaty" МҚҰ-да ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған микро, шағын және орта кәсіпорындар бизнесті іске қосуға немесе дамытуға 7 жыл мерзімге дейін жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен несиелерге ие болды.

2024 жылға "Almaty Finance" - та қарыздың ең жоғары сомасы 500 млн.теңгені, "Almaty" МҚҰ-да-73 840 000 теңгені құрайды.

Алынған қаражатты кәсіпкерлер жабдық, шикізат сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бағыттайды.

Өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіптік парктер (ШӨП) жобалары, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарының аумағында іске асырылатын жобалар қаралуға басым болып табылады.

"Almaty Business-2025" бағдарламасының негізгі басымдықтары:

  • Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді болашақта айқындалған негізгі бағыттар мен сын қатерлерді іске асыруға бағдарланған тар басымдық;
  • стартап жобаларды несиелеу;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлерді қолдау;
  • шағын өнеркәсіптік парктер құрылысын несиелеу, өнеркәсіптік ипотека;
  • қала экологиясын жақсартуға бағытталған жобалар.

Осы жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша "Almaty Finance" және "Almaty" МҚҰ-мен 348 жұмыс орнын құра отырып, қала бойынша 4,5 млрд.теңге сомаға 55 жоба қаржыландырылды. Шағын өнеркәсіптік саябақтардың құрылысын қаржыландырудан басқа, бизнесті дамытуға арналған қарыздарды өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер алды. Сондай-ақ, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

2019 жылдан бастап 2024 жылдың 1 жартыжылдығына дейін "Алматы" ӘКК еншілес және тәуелді компанияларымен "Almaty Business-2025" бағдарламасы шеңберінде 36,3 млрд. теңге сомасына 656 жоба қаржыландырылды, 2 716 жұмыс орны құрылды.

Басымды бағыттардан қарыздардың ең көп саны өндіріс және қайта өңдеу (40%), денсаулық сақтау (16%) және әлеуметтік кәсіпкерлік (14%) жобаларына, сондай-ақ туризм (9%), креативті индустрия (8%) және білім беру (7%) салаларындағы жобаларға бөлінді. Сонымен қатар, шағын өнеркәсіп парктерін салу бойынша жобалар (барлығы 16 жоба), спорт саласындағы жобалар, ШӨП резиденттерін қолдау жобалары, қала экологиясын жақсартуға бағытталған жобалар қаржыландырылды.

Бюджеттен кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген  25,3 млрд. теңге қайтарымды-жаңартпалы қаражатты пайдалану есебінен 36,3 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жыл соңына дейін "Алматы" ӘКК "Almaty Finance" және "Almaty" МҚҰ арқылы "Almaty Business-2025" шеңберінде қаржыландырудың жалпы көлемін 42 млрд.теңгеге дейін жеткізе отырып, кемінде 5,0 млрд. теңге сомаға тағы да жобаларды қолдауды жоспарлап отыр.

 

crossmenu