Almaty Finance еншілес ұйымы (Алматы ӘКК компаниялар тобына кіретін) "Almaty" МҚҰ қаңтардан наурызға дейін микро және шағын бизнесті дамытуға 1,3 млрд теңгеден астам қаражат берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Небәрі үш айдың ішінде МҚҰ 36 жергілікті жобаны қаржыландырды. Несиелеудің мақсаты - жабдықтарды, шикізатты сатып алу, айналым қаражатын толықтыру, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабу.
Сәуір айының басында өндіріс және қайта өңдеу саласының кәсіпкерлері ең көп қарыз алды – барлық беру көлемінің 22% иеленді, екінші орында - денсаулық сақтау (19%), үшінші орында – білім беру (19%). Одан кейін әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (12%), креативті экономика (10%) және туризм (6%). Қаржыландырумен сондай-ақ спорт, сауда және халыққа қызмет көрсету салаларының жобалары қамтамасыз етілді.
Санатына байланысты, бизнесті дамыту үшін қарыз алушылар 2%* және 6%* мөлшерлеме бойынша кепіл несиесін немесе 12%* бойынша кепілсіз несие ала алады. Қарыздың ең жоғары сомасы - 73 840 000 теңге.
«2019 жылы құрылған сәттен бастап, МҚҰ Алматыда 520-дан астам микро және шағын кәсіпкерлік жобаларын іске асыруға көмектесті. Осы уақыт ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлер бизнесті тиімді шарттармен дамытып қана қоймай, қалада жаңа жұмыс орындарын ашуда", - деп атап өтті "Almaty" МҚҰ Басқармасының төрағасы Алтай Исмағамбетов.
МҚҰ несиелеу бағдарламасының "Almaty Business-2025" өңірлік Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда екенін естеріңізге сала кетейік.
"Almaty" МҚҰ туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі бойынша немесе https://mfoalmaty.kz сайтынан біліңіз.
*Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13% аспайды