2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа кәсіпорындардың қатарында 6 өндірістік нысан мен 5 шағын өнеркәсіптік парк (ШӨП) бар:
Бес шағын өнеркәсіптік парктің құрылысына 2,48 млрд теңге бөлінді. Жалпы ауданы 23 510 шаршы метр болатын бұл нысандар 640 жұмыс орнын ашады.
Сонымен қатар, Алматы қаласында жалпы ауданы 140,2 мың шаршы метр болатын тағы 24 шағын өнеркәсіптік парк салынып жатыр. Олардың іске қосылуы 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Бұл жобаларға 15,36 млрд теңге инвестиция салынбақ, нәтижесінде 3 125 жаңа жұмыс орны ашылып, 144 шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылады.
Қазір Алматы индустриалды аймағында 107 компания жұмыс істейді. Олардың жалпы инвестиция көлемі – 553,3 млрд теңге, ал ашылған жұмыс орындар саны – 14 583. 2024 жылы АИА аумағында 13,4 млрд теңге инвестицияланған 11 жоба іске қосылып, 977 адам жұмыспен қамтылды. 2016-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 142,1 млрд теңге болатын 41 жоба жүзеге асырылып, 4 430 жұмыс орны ашылды. Осы кезеңде АИА кәсіпорындары 2 524,4 млрд теңгенің өнімін шығарып, 63,1 млрд теңге салық төледі.
Алматы индустриалды аймағының дамуы жалғасып, қала экономикасының өсуіне және шағын және орта бизнесті қолдауға үлес қосып келеді.