19 марта, 2025

2025 жылдың сәуір айында «Алматы «ӘКК» АҚ да ЖТІТ басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалған.

Мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау көзделген, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген) 01.04.2025 ж. мен 30.04.2025 ж. аралығында «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ЖТІТ) жүргізіледі.

Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 225-18-91 (ішкі 510), электрондық  почта: s.ospanov@spkalmaty.kz, немесе ЖТІТ жүргізу бойынша жауапты қыметкердің ұялы телефоны: +7 (707) 471-11-99 (WhatsApp).

 

crossmenu