Сауда және интеграция министрлігінің «Береке Fest» республикалық акциясы аясында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Алматы» ӘКК және Magnum, Small мен Toimart сауда желілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Келісімдер супермаркеттердегі сауда үстемесін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позицияларына 10%-ға дейін төмендетуді көздейді.
Сонымен қатар, «Береке Fest» аясында сауда желілерінің сөрелерінде халық арасында жоғары сұранысқа ие, жаңа жиналған өнімдер ұсынылған. Бұл өнімді нарықтық құннан арзан сатуға, ішкі өндірісті қолдауға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Бағаның төмендеуіне сауда үстемелерін азайту және фермерлерден тікелей жеткізілімдерді орнату арқылы қол жеткізіледі. Акцияға қатысатын барлық сауда нүктелері бір стильде жасалған, бұл қол жетімділік пен жергілікті өндіріске баса назар аударады.
Республикалық акция 30 қазанға дейін жалғасады.
«Алматы» ӘКК сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы нарықтық құннан 10-15%-ға төмен болатын демалыс күнгі жәрмеңкелер өткізуді жалғастыруда.
Жәрмеңкелерге 1000-нан астам өнім түрін сататын 300-ден астам фермер қатысады. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және өңдеуші кәсіпорындардан делдалдарсыз келеді, бұл бағаны нарықтық бағадан төмен ұстауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қаланың бес ауданында өтеді:
• Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында;
• Бостандық ауданы: Қазақфильм ықшам адуаны, Исиналиев көшесі;
• Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылынан төмен;
• Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесінің бұрышы;
• Жетісу ауданы: Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі, 2.