Наурыз мерекесіне орай Алмалы және Бостандық ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде келушілер мен қатысушыларды біріктірген салтанатты шаралар ұйымдастырылды.
Жәрмеңкелердің ұйымдастырушысы - "Алматы" ӘКК серіктестерімен және жалға алушылармен бірлесе отырып, қонақтарға музыкалық және визуалды сүйемелдеумен мерекелік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ, қонақтар қазақ және шығыс асханасының дәстүрлі тағамдарымен - бауырсақ, наурыз-көже, палау, самса және шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуы мен молшылықтың символына айналған басқа да тағамдармен қуантылды.
Наурыз мерекесі ұлттық мейрамды атап өтумен қатар, жәрмеңке қатысушылары мен келушілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.
Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Бостандық жәрмеңкесінде бірнеше номинация бойынша жалға алушылар марапатталды. "Үздік ауыл шаруашылық өндірушісі" номинациясының жеңімпазы Юрий Мехов атанды. "Ең үздік нан өнімдері" номинациясында Гаухар Сүлейманова жеңіске жетсе, "Ең үздік тауар жаймасы" номинациясы бойынша Береке Асанов марапатталды. Дауыс беру жәрмеңке қатысушыларының арасында өтті.