9 июля, 2024

Алматыда 280 тұрғын ескі үйлерден жаңа тұрғын үйге көшірілді

Жыл басынан бері «Алматы «ӘКК» АҚ «Алматы қаласы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС (бұдан әрі - КҚК) еншілес компаниясымен бірлесіп «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» шеңберінде 280 тұрғынды қоныстандыруды жүзеге асырды. Бұрын қаланың Әуезов, Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарында пайдалану мерзімі өткен 10 үйде тұрған 70 отбасы қазіргі заманғы тұрғын үй кешендерінде абаттандырылған жаңа пәтерлердің кілттерін алды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы қаласында тағы 54 ескі үйдің 2180-ге жуық тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жаңарту бағдарламасы жарамсыз және мерзімі өткен тозығы жеткен адамдардың өміріне қауіп төндіретін үйлерді бұзуды көздейді. Олардың орнында спорт алаңдары, паркинг және маңызды әлеуметтік нысандары бар заманауи тұрғын үй кешендері салынуда.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес, ескі тұрғын үй иелері жаңа үйде аумағы бұрыңғымен бірдей пәтер алады. Сонымен қатар, жаңа пәтер алдыңғы пәтерге қарағанда орта есеппен 10 м² артық. Қоныс аударушыларға қосымша метр үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Пәтерлер әрлеуде беріледі. Үйлерде интернет орнатылды, өртке қарсы дабыл орнатылды, сантехника мен фаянс, газ немесе электр плитасы қарастырылған.

Құрылыс кезінде тұрғындарға жалдау ақысы жоқ уақытша тұрғын үй беріледі. Сондай ақ тұрғындардың тұрақты тұрғылықты жеріне КҚК тұрғын үй қорынан дайын үйге көшу мүмкіндігі бар.

«Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы танымал болып, қала тұрғындарының сеніміне ие болды. Алматылықтар жаңа үйлерге қуана-қуана көшуде, бұл олардың тұрғын үй жағдайларын, сондай-ақ қаланың келбетін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасының жобасы әзірленді. Онда ескі үйлердің иелері, инвесторлар мен уәкілетті ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеу сияқты жаңа тетіктер көзделеді, ескі пәтерді беру тәртібі көрсетіледі, 2023 жылы қабылданған қаланың жаңа бас жоспары ескеріледі. Осы шаралардың барлығы тұрғындарды ескі үйлерден абаттандырылған пәтерлерге көшіру қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті КҚК Басқарма төрағасының орынбасары Алтынбек Нұратұлы.

Жаңа жаңғырту бағдарламасының жобасы мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңеспен, «Атамекен» ҰКП-мен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен алдын ала талқыланды.

crossmenu