Алматы ӘКК төрағасы Арман Шәмшин Алматы Индустриалды аймағына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ол Қазақстан Ирригаторы, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, лак-бояу өнімдерін шығаратын BSF және автокомпоненттер шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.
Сондай-ақ, ол жұмыс істеп тұрған нысандарды - жақында іске қосылған «Индустриальная» ТЖ станциясын, «ALAESTATE-2» ЖШС-нің шағын өнеркәсіптік парктерін және «Alatau Industrial Park» ЖШС-ін аралады.